$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ-тың атом сүңгуір қайығы Таяу Шығысқа қарай жылжып келеді

AstanaTV
07.11.2023ж. 08:20
1017
АҚШ-тың атом сүңгуір қайығы Таяу Шығысқа қарай жылжып келеді

Өткен түні АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Таяу Шығысқа ядролық қару жеткізуге қабілетті «Огайо» санатындағы сүңгуір қайықты жөнелтетінін хабарлады.

Бұл туралы ВВС-дің Телеграмдағы парақшасында жазылды.

Әскери ведомство өз мәлімдемесінде басқа мәліметтер келтірген жоқ, алайда ол Суэц каналымен жүзіп келе жатқан сүңгуір қайықтың суретін жариялады.

«Огайо» санатындағы сүңгуір қайықтың орналасқан жері туралы хабарлама сирек кездеседі, себебі олар сондай-ақ жердегі баллистикалық зымырандар мен стратегиялық бомбалаушы ұшақтардағы ядролық бомбалар да кіретін АҚШ «ядролық үштігінің» бір бөлігін құрайды.

Огайо санатындағы бірнеше сүңгуір қайық ядролық зарядтар орнына қанатты зымырандар тасымалдайды және оларды арнайы операциялық күштердің бөлігі ретінде орналастыруға болады. Қазіргі уақытта Таяу Шығыста жұмыс істеп жатқан сүңгуір қайықта ядролық оқтұмсықтардың бар-жоғы белгісіз.

АҚШ бұған дейін бұл аймақта бұрын сүңгуір қайықтарын орналастырған. Жексенбі күні жасалған мәлімдеме Иранмен қатынастың шиеленісуімен тұспа-тұс келген. Бұған дейін хабарланғандай, Байден әкімшілігі аймақтық серіктестері арқылы Иран мен «Хезболлаға» егер олар Израильге қарсы шабуыл жасаса, АҚШ оларға қарсы әскери араласуға дайын екендігі туралы хабарламалар жіберген болатын.

Жексенбіде АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы сондай-ақ Таяу Шығыстағы ядролық қару тасымалдауға қабілетті B-1 бомбалаушы ұшағының суретін жариялады.

Бұған дейін президент Байден Жерорта теңізіне екі авиатасымалдағыш тобын жіберген.