Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

AstanaTV
07.11.2023ж. 13:33
456
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жетісу облысының аумағында жол апаты болды, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 7 қарашада облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек – Көктал тас жолының 93 шақырымында болған.

"21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды".

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі