$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанадағы мектептердің бірінде жүзден аса қызметкер екі ай бойы жалақы алмаған

AstanaTV
07.11.2023ж. 15:54
706
Астанадағы мектептердің бірінде жүзден аса қызметкер екі ай бойы жалақы алмаған

Прокуратура Астанадағы мектептердің бірінде жүзден аса қызметкердің екі ай бойы жалақы алмағанын анықтап, олардың құқықтарын қорғады.

Елордалық ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. Құзырлы органның мәліметіне сүйенсек, Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы талдау барысында елордадағы мектептердің бірінде 133 адамның (мұғалімдер мен өзге де қызметкерлер) еңбек құқығы бұзылғанын анықтаған. "2 ай бойы оларға жалақы төленбеген, бұл олардың Конституциямен кепілдендірілген құқықтарының бұзылуына әкелді", - делінген хабарда.

Қалалық прокуратура енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мектеп қызметкерлеріне 41 млн теңгеден астам жалақы төленгенін, жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.