Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылорда облысының әкімі аудандарды аралап, қоғамдық қабылдау өткізуде

Қызылорда облысының әкімі аудандарды аралап, қоғамдық қабылдау өткізуде

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 50 отбасы баспаналы болды. Игілікті іс аладағы уақытта да жалғаса бермек. Тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешу үшін аймақ басшысы жиі кездеседі. Барлық құқық қорғау органдары басшыларымен бірге қоғамдық қабылдау өткізеді. Бұл жолы Шиелі ауданына барып, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Сыр өңірінде тиянақты орындалып жатқандығын көрінісі.

Қоғамдық қабылдауға 60-тан аса азамат келді. Олар тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, аяқ су, қоғамдық көлік мәселесін көтерді. Дүйсенбек Нұрбаев Еңбекші ауылынан арнайы келіпті. 3 мың халқы бар елді мекеннің тұрғындарын жолдың жайы алаңдатып отыр. Айтуларынша, ауыл іргесінен қиыршық тас таситын көліктер бірнеше шақырым жолды ойып тастаған.

Дүйсенбек НҰРБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолдың бәрі бұзылды. Соны облыс әкіміне айтып едік өте жақсы қабылдады. Барлық тас тасып жатқан, өндіріп жатқан адамдың барлығын шақырып, соларға Еңбекші жолын жөндеп беруін сәрсенбіге дейін оларға мүмкіндік берді.

Аудан жыл өткен сайын көркейіп келеді. Орталыққа қоныс аударушылар аз емес. Әлеуметтік жағдайы жақсарғасын халық саны да көбейген. Оларды баспанамен қамту назардан тыс қалған емес. 50 отбасыға пәтер кілті табысталды.

Жеңіскүл СЕЙТЕНОВА, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

13 балам бар. Бәрі отан болып жатыр. мінекей, мынау кенжем еді. Бұл кенжем де үйлі болып жатыр. Рахмет.

Облыс басшысы аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен бөлісті.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында өңірде көптеген сәтті жобалар жүзеге асуда. Өңіріміздің бюджеті 1 жарым жылдың ішінде 609 млрд теңгеге жетті. Бұл қаражаттар өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталуда.

Айта кетейік, Шиелі ауданының әкімі халық таңдауымен қайта сайланды. Елдің артқан сенімін ақтау бұрынғыдан да жауапкершілікті күшейтетіні анық.