Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Сұраныстың артуы газ тапшылығын туындатуда

07.11.2023ж. 20:00
647
Сұраныстың артуы газ тапшылығын туындатуда

Астанада автогаз тапшы. Бұған соңғы екі жылда газ тұтынатын көліктер санының артуы себеп дейді мамандар. Еліміздегі сұйық газдың арзандығы да сұранысты арттырып отырған көрінеді.

Газ құю бекеттерінде кезек көп. Тіпті кейбір станцияларда шектеумен сатылуда.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- 5-6 күн болды уже газ іздеп. Жоқ газ.
- Газ жоқ дефицит. Жүрміз айналып сандалып. Бір жұма болды ау менің өзім іздеп жүргеніме.
- Кептеліс ұзақ болып тұр. Бірақ тек талонмен ғана аласың дейді.

Қаланың ай сайынғы сұранысы 8700 тоннаны құрайды. Газбен жүретін көліктердің саны да екі жылда еселеп өскен. Бұрын 340 мың болса, қазір 640 мыңға жеткен. Салдарынан сұйық газға деген сұраныс та шамадан тыс артты дейді мамандар.

Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВ, «ENERGY MONITOR» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Атыраудың зауыты мұнай өндеу зауыты ол тек қана Атырау, Атырау облысына және көрші Маңғыстау облысына және де артық қалып жатса Батыс Қазақстан облысына өзінің газын жібереді. Ал, Астана тұрғындары жалпы Астана қаласы СНПС Ақтөбе Мұнай газ компаниясынан және де Павлодар мұнай өндеу зауытынан газды алып отырады.

Газ орнатылған көлікпен жүру қауіпті. Жарылыс орын алған жағдайлар аз емес. Көпқабатты тұрғын үй астындағы тұрақтарға тіпті кіруге рұқсат жоқ. Айыппұл салынады. Бірақ ескертуді елемейтіндер бар. Жазда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында көлік өртенді. Жоғарғы қабаттардың тұрғындары өрт сөндіру сатысының көмегімен эвакуацияланды. Осындай жағдай қайталанбас үшін төтеншеліктер үнемі түсіндірме жүргізеді.

Ильяс МЕЙРАШ, ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Ол кісілермен бірінші түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, әрине ол кісі қандай алмайтын болса әкімшілік құқық бұзушылыққа тартамыз. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында яғни полиция қызметкерлерінде планшет құрылғысы арқылы яғни кез-келген нөмерді планшетке теру арқылы машинада газ балонның қөұрылғысы орнатылған ба, орнатылмағанын білу арқылы біз айыппұл қандайда бір іс-шара түсіндірме жұмыстарын солай жүргіземіз.

Алдағы аптада шектеулерді кезең-кезеңімен алынып, тапшылық жойылмақ. Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше қалаға бар газ 900 тонна, бүгін 576 тонна газ келген. Ертең 15 вагон, яғни 540 тонна сұйытылған газ әкелінеді.