Экономикалық және сауда қатынастарына басымдық беріледі. Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің 19-Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осылай деп пікір білдірді. Осы аптада Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға келеді. Форумға екі ел басшысы бейнебайланыс арқылы қатысады. Қос тарап ауыл шаруашылығы саласына да үлкен көңіл бөлмек. Биыл форумға 20 жыл толды. Айта кетейік, Ресей - еліміздің ең ірі сауда серіктесі. Қазір тауар айналымы 27 миллиард долларға жеткен.
Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өткен жылы экспорт 9 млрд доллар болды. Биыл өсім байқалады. Біз форумда екі елге ортақ мәселелерді талқылаймыз. Әсіресе ауыл шаруашылығына үлкен көңіл бөлінеді. Оны цифрландыру, жастар тақырыбы талқыланады. Экономикалық және сауда қатынастарын сөз етеміз.