$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Алматыға қыдырып келіп, үйіне табытпен оралды»: 27 жастағы жігіттің жақындарының жан айқайы

07.11.2023ж. 20:00
1182
«Алматыға қыдырып келіп, үйіне табытпен оралды»: 27 жастағы жігіттің жақындарының жан айқайы

Алматыға қыдырып келіп, үйіне табытпен оралды. Бұзақыларға кезіккен 27 жастағы азамат алғашында қашпаққа бекінген. Бірақ соңынан қуып жеткен бірнеше жігіт оны алысқа ұзатпады. Соққыға жығып, жол ортасына тастап кеткен. Ес-түссіз жатқанында көлік қағып, жүргізуші де оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші көз жұмды. Марқұмның туыстары қылмыс жасағандар әлі күнге дейін бостандықта тайраңдап жүр ашынады. Толығырақ тілшіміз Әйкерім Пернебек тарқатады.

Оқиға ай бұрын Алматыдағы Райымбек көшесінде болған. Таңғы уақыттағы жанжал бейнекамераға жазылған. Бір топ жігітке тап болған 27 жастағы азамат алғашында қашуға бекінгені көрінеді. Көшедегі көліктен көмек сұраған. Бірақ ешкім жәрдемдеспеген. Бұзақылар қуып жетіп, соққыға жыққан. Жол ортасына тастап кеткен. Сорақысы, енді есін жинай бастағанында темір тұлпар қағып өткен.

Ербол ХОЖАХМЕТОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Жолдың қақ ортасында ұстап алып, ұрып-соғып. 4-5рет ұрады, басынан, ішінен, бір-екі рет тепкілейді. Інім есін жия алмай сол жерде жатып қалады. Інім енді есін жиып тұрып жатқан кезде Александр деген кісі джип машинасымен келіп соғып, даже сол моментте тоқтамай кетіп қалады. Любой адам ит басып кетсек те, мысық басып кетсек те тоқтап көреміз ғой.

Алғашында соққыға жыққандар қамауға алынған. Туыстарының сөзінше көп ұзамай бостандыққа шығарыпты. Ал оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі үйқамақта екен. Марқұм жақындары қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

Ербол ХОЖАХМЕТОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Үйде әке шешеміз отыр аза тұтып. Інім қайтыс болғаннан бері неше рет талып, әлі есін жинай алмай отыр сөздің ашығына келгенде. Қазір бостандықта бәрі тайраңдап жүр. Осы уақытқа дейін ешкім кешірім сұрап, даже они не осознают что сделали. Інім отбасылы, екі қызы бар еді. Інім Алматыға қыдырып келіп, табытпен оралып отыр үйге былайша айтқанда енді.

Полиция департаменті осы оқиғаға қатысы бар екі күдіктінің үстінен бірнеше қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. Қалғандарының ісі тексеріліп жатқан көрінеді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш қылмыстық іс, қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасымен тергелуде. ҚК-тің төрт бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы екі қылмысты жасаған адамдар анықталып, ұсталды. Көлік жүргізугісі де, жігітті ұрып, қауіпті ортада қалдырған ер азаматта та.

Марқұм Берікбай Сарыағаш қаласының тумасы. Туыстары кінәлілер жазасын заң бойынша алуын талап етуде.