Шаруа
қожалықтарына жер телімдерін жалға беру мәселесі қайта қаралып, заңға өзгеріс
енуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Премьер-министр
орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді. Оның
айтуынша, желтоқсан айында Үкімет Парламентке жер қатынастары туралы жаңа заң
жобасын енгізбек. Құжат жер телімдерін жалға беру жолдары мен кадастрлық құнын
реттейді. Бір қолға берілетін жер телімдеріне шектеу қойылады. Әзірге бір
шаруаға қанша гектар жер берілетіні айтылмады. Ол облыстық, аудандық ерекшеліктерге
қарап анықталады, деді министр.
Асқар
Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрi:
Бір
қолға шектеу қойып отырмыз. Бұрын бір қолға шектеу тек қана жекеге сатылғанда
ғана болатын. Ал енді жалға алатын болсаң, бұл жерде де сол бір қолға шектеу
мәселесі айтылғалы отыр. Бұл да алғаш рет қабылданғалы отырған нормалардың
бірі. Шаруа қожалықтарына.
Министр
сонымен қатар, ауыл шарушылық техникаларды шетелден тасығанша, ТМД елдерінен
сатып алу тиімдірек деді. Асқар Мырзахметовтің айтуынша, олар арзан әрі сапасы
жағынан шетелдікке дес бермейді. Қаржы үнемдеу арқылы еліміздің комбайн паркін
үш есе арттыруға болады. Және де министр ауыл шаруашылығы кешенін дамыту
бағдарламасы аясында комбайндар мен өзге де техниканы шығаратын отандық зауыт
ашу жолдары қаралатынын мәлімдеді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ