$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Франсуа Фийон праймериз қорытындысы бойынша 67% дауыспен алға шықты

AstanaTV
28.11.2016ж. 20:00
2823
Франсуа Фийон праймериз қорытындысы бойынша 67% дауыспен алға шықты

Франция үкіметінің экс-басшысы Ален Жюппе праймериздің екінші кезеңінен сүрініп, бұдан былай президенттікке үміткер Франсуа Фийонды қолдайтынын ресми мәлімдеді. Осылайша оңшыл-центристік партия атынан 67 пайыз дауыспен жалғыз үміткер қалды. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды. Бұған дейін праймериздің бІрінші кезеңінде елдің экс-президенті Николя Саркози додадан шығып қалған еді.

Айта өтейік, Франсуа Фийон 2007-2012 жылдар аралығында Франция үкіметін басқарды. Елдегі президент сайлауы 2017 жылдың көктемінде өтеді деп жоспарланған.

Франсуа Фийон, Франция президенттігіне үміткер:

Менің ендігі мақсатым - біздің манифест елді алға ұмтылуға септесерін дәлелдеу. Әсіресе жұмыспен қамту, экономика секторының өсімін қамтамасыз ете алатынымды көрсету. Басты парызым - Франция жұртшылығының сеніміне ие болу.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА