Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Алматыда 100 балабақша қызметкері біліктілігін арттыруда

08.11.2023ж. 20:00
887
Алматыда 100 балабақша қызметкері біліктілігін арттыруда

Алматыда 100 балабақша қызметкері біліктілігін арттыруда. Мегаполисте мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлерінің кәсіби және басқару деңгейін жетілдіру мақсатында арнайы оқыту курсы өтіп жатыр. Шараға Алматы қалалық білім басқармасы мұрындық болды.

Бүгін балабақша меңгерушілері 1 ай бойы курс барысында алған білім нәтижесінде өз жобаларын ұсынды. Алдағы 5 жылда мектепке дейінгі білім беру мекемесін дамыту жоспарын жасап, нендей жұмыстар атқаратыны жөнінде есеп берді. Гүлбану Құлымбаева ұлттық құндылықтарды балдырғандардың бойына ерте жастан сіңіруге баса назар аудармақ. Ол сондай-ақ оқыту курсынан алған әсерімен бөлісті.

Гүлбану ҚҰЛЫМБАЕВА, № 60 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Польша мемлекетінде орман балабақшасы бар екен. Ең бірінші балабақшаны ашқанда әріптестеріміз киіз үйден бастаған екен. Одан да басқа айтатынымыз – ІТ балабақшалар бар екен. Осы курсты ұйымдастырып отырған Алматы қаласының білім басқармасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Көптеген іс-тәжірибелермен алмасып жатырғанымызға өте ризамыз.

Оқу бағдарламасын жасауға шетелдік эксперттер де қатысты. Аустралия, Швеция, Финляндия, Сингапур, Польша, Малайзия сынды бірқатар елдің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері тәжірибелерімен бөлісті.

Стивен МАККОРМИК, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР МҰҒАЛІМІ:

Мен АҚШ-тан арнайы келдім Бұл жоба көңілімнен шығып жатыр. Қатысушыларды тыңдап шықтым, ұсыныстары жақсы. Әрқайсының сұрақтарына жауап беруге барынша тырысудамын. Мектепке дейінгі білім берудің әлемдік тенденциялары сарапталып, бұл саладағы жаңа әрі заманауи бағыттардың ерекшелігін сөз еттік.

Әзірге мемлекеттік балабақшалар қамтылды. Мектепке дейінгі білім беру саласында елеулі еңбек етіп жүрген отандық мамандар мұндай курстардың берері мол деп отыр. Сөздерінше, қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда қызықты әрі тиімді бағдарлама ұсыну маңызды.

Мария ЕРМАНОВА, БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде балаларды қамтумен соңғы 10 жылда қарқынды жұмыстар жүргізілді. Ендігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту алдындағы талап – мектепке дейінгі ұйымдардың ұсынатын қызметінің сапасын арттыру. Баланы сабақ емес, 15-20 минуттық, одан біз шықтық. Ойын арқылы, ойын алаңдарында дамыту керек.

Оқыту курсы желтоқсан айына дейін жалғасады. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.