Елордада «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында сапалы білім беру жолдары» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Шара «Білім - инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен «Білім – инновация» лицейлерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференцияға еліміздің әр өңірінен келген 80-нен аса білікті маман қатысты, сондай-ақ мыңға жуық адам онлайн атсалысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, баядама оқып, пікір алмасты. Басты тақырып - қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою, ауылдық мектептерді табысты мектептерге айналдыру, тең мүмкіндікті қамтамасыз ету. Қатысушылар осы мәселе тұрғысында ой-пікірлерін ортаға салды.
Қуат ҚОЖАХМЕТОВ, «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
Ауылдағы балалар мен қаладағы балалардың арасындағы арақашықтық өсіп жатыр. Бүгінгі біздің конференция осы жөнінде жанағы бұл әлемнің глобалды үлкен бір мақсатты біз өзіміздің Қазақстан ішінде, оның ішінде білім саласында не істей аламыз? Осы сұрақтарға жауап беру үшін біз қазіргі таңда білім саласында мамандарды жинап жатырмыз.
Елімізде балалардың білім деңгейі - 61,4 пайыз. Бұл көңіл көншітпейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мамандар өз ұсыныстарын айтты. 2030 жылға дейін алға қойған мақсаттарды орындап, жоспарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет. Басты міндеттердің бірі - мұғалімнің білім мен біліктілігін арттыру.
Гүлнара ӘБІШОВА, БІЛІМ САРАПШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ ЛИГАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біз Президентіміздің тапсырысы болған поурочный қолдану керек. Мұғалімдер өздерінің курстарын таңдап алсын деген. Соған күбә түрде біз елімізді келтіру керекпіз мұғалімдер сөйту керек. Өйткені расында да жалпы бүгінгі күні ҰБТ-ға курстарға ол курс қажет пе мұғалімге қажет емес па ол басқа сұрақ. Әрбір мұғалім өзінің кәсіби деңгейін, не керек, не қажет, қандай білім жеткіліксіз, сосын бәрін өзі таңдап алуға тиісті.