Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады

08.11.2023ж. 20:00
759
Келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады

Келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады. Ол тек ата-ананың рұқсатымен жүзеге асады. Оны балаларға тегін егеді. Ал 13 жастан асқан қыздар, әйелдер вакцинаны ақылы түрде алады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 2 өндірушінің вакциналары тіркелген. Бельгия мен АҚШ-тікі. Вакциналар қауіпсіз және тиімді деп саналды дейді мамандар. Айта кетейік, вакцинациялау елімізден бөлек әлемнің 125 мемлекетінде жүргізіледі.