Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Петропавлда тағы да кәріз коллекторы істен шығып, қала әкімдігі төтенше жағдай жариялады

08.11.2023ж. 20:00
478
Петропавлда тағы да кәріз коллекторы істен шығып, қала әкімдігі төтенше жағдай жариялады

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды, тағы да кәріз коллекторы істен шықты. Екі апта бұрын қала орталығындағы 800 миллиметрлік негізгі кәріз магистралінде ақау шыққан, бұл жолы қала шетіндегі құбыр шыдас бермеді. Коллектор шаһардың бақандай 6 ауданынан жиналған қалдық суды өткізеді. Өткен ғасырдың орта тұсында салынған кәріз жүйесі бүгінде әбден ескірген.

Біржан КӨШЕРБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Петропавл қаласында төтенше жағдай қарашаның тоғызынан бастап жарияланады. Кәріз коллекторының 700 метрін ауыстыру қажет. Қызылжар су серіктестігі жаңғырту жұмыстарын бастап кетті.

Қалада сондай-ақ, газ құбырында апат болып, 300-ге жуық үй көгілдір отынсыз қалды. Газель көлігі көпқабатты үйдің сыртындағы газ құбырына соққан. Абырой болғанда, газгольдер дер кезінде ажыратылып, жарылыс болған жоқ. Көлік жүргізушісі жалтармай, барлық кінәні бірден мойындады. Енді ол барлық шығынды көтереді.

Олег ИВАНОВ, «ГОРГАЗ-СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Апат кезінде автомат қосылып, газды айырып тастады. Сондықтан газ сыртқа төгілген жоқ. Газ құбырының 150 метрі қабырғадан жұлынып, жерге құлады. Қазір мердігерлік компания оны жөндеп жатыр. Жуық арада жұмысты аяқтауы тиіс.