$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2022 жылы 20 жастан асқан әрбір қазақстандық орташа есеппен алкогольге 40,9 мың теңге жұмсаған

08.11.2023ж. 20:00
787
2022 жылы 20 жастан асқан әрбір қазақстандық орташа есеппен алкогольге 40,9 мың теңге жұмсаған

Енді несие кім көрінгенге берілмейді. Бұрынғыдай банк қосымшасына кіріп, онлайн рәсімдей алмайсыз. Тұрақты табысы жоқтар армандамаса да болады. Әрбір тапқан тиыны тексеріліп, есептелмек. Яғни, талап күшейеді. Қарызға белшесінен бататындардың қатарын осылай азайтпақ. Сондай-ақ, банктер мен микроқаржы ұйымдары бұдан былай қарызды өндіру үшін коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін.

Ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді. Түсінде көретіндер күрт көбейетін секілді. Себебі, ет өнімдері бір жыл ішінде 8,6 процентке қымбаттады. Шұжық 9,9 пайызға, сиыр еті 10,6, жылқы еті 7,3, қой еті 6,7, құс еті 2,8 процентке көтерілді. Бағасы шарықтаған аймақтардың көшін Ақмола мен Алматы облыстары бастап тұр. Министрлер бірыңғай баға жоқ дейді. Арзанын аралап, базардан немесе жәрмеңкеден табуы болады дейді. Ет десе елең етіп отыратындар үшін бұл жаңалық емес. «Ет бағасы арзандай ма?» деген көпшіліктің сауалаына экономика министрі жауап берді.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Мал басы көбейсе, ұсыныс артса, ет арзандайды. Бірақ инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілуіне байланысты мәселе бар екенін ескеру керек.

Адал асымыздың ақшасын есептеп, сәл қымбаттаса үнемдеуге кірісеміз. Ал алкогольге келгенде бағасына бас қатырмайды екенбіз. Жылына орташа есеппен 20 жастан асқандардың әрбірі 41 мың теңгесін спириттік ішімдікке жұмсайды. Жалпы 2022 жылы бөлшек саудада 511,7 млрд теңгені құрады. 37 процентке өскен. Бір қуанарлығы маскүнемдердің қатары жыл сайын 15 пайызға азайып келеді.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы 2,07 теңгеге қымбаттап, 466,79 теңге болды. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,17 теңге, рубль бағамын 5,03 теңге деп белгіледі. Ақша айырбастау орындарында доллар 467,7-469,9 теңге, еуро 498,5-502 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.