Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сұйытылған газ бағасы бензин бағасымен теңесуі мүмкін

08.11.2023ж. 20:00
481
Сұйытылған газ бағасы бензин бағасымен теңесуі мүмкін

Елде сұйытылған газдың құны бензин бағасымен теңесуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі мәлімдеді. Себебі көліктерін газбен жүргізетіндер күрт көбейген. Әсіресе әуесқой тәсілмен газ жағатын етіп қайта жабдықтау жаппай белең алды дейді министр. Бұлай жалғаса берсе, тапшылық болуы мүмкін. Қазірдің өзінде сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа ай сайын қосымша 10 мың тонна жеткізілу үшін «Теңізшевройлмен» келіссөз жүргізілген.

Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Машиналарды осындай қарқынмен газға ауыстыра беретін болса, келешекте газ өңдеу қуаттарының әлеуеті қысқа мерзімдегі қажеттіліктерге жетпей қалуы мүмкін. Тіпті сұйытылған мұнай газын импорттауға мәжбүр болуымыз мүмкін. Ол кезде баға мүлде басқаша болады. Тіпті бензин бағасымен салыстыратындай деңгейге шығуы ықтимал. Сондықтан автомобиль тізгіндеушілерді көліктерін газға ауыстыруға асықпауға үндеп жүрміз.