$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бұрын бірге тұрған әйелді зорлап, ұрып өлтірген аудан тұрғынына үкім шықты

08.11.2023ж. 20:00
1100
Бұрын бірге тұрған әйелді зорлап, ұрып өлтірген аудан тұрғынына үкім шықты

Ұрып өлтіріп, аяусыз зорлаған. Қостанай облысы Федоров ауданының тұрғыны қатыгез қылмысы үшін 10 жылға сотталды. Ол қайтыс болған әйелмен бірге тұрған. Екі айдан кейін қайта кездескенде тағы ұрсысып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Ер адам әйелді алдымен металл затпен ұрып өлтіріп, аяусыз зорлаған. Арам ойын жүзеге асырған соң алаңсыз ұйықтап қалған. Таңертең танысына хабарласып, болған оқиғаны баяндаса керек.

Ләззат БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Федоров аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Және жәбірленуші тараптың 3 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап арызы толығымен қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.