Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

2023 жылдың ең еліктірер, тартымды ер адамы анықталды

AstanaTV
08.11.2023ж. 17:34
584
2023 жылдың ең еліктірер, тартымды ер адамы анықталды

People журналы әйелдер қауымын еліктіретін 2023 жылдағы ең тартымды ер адамды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейтингте бірінші орынды 57 жастағы америкалық актер әрі жарыс жүргізушісі Патрик Демпси иеленді. Журналдың жаңа санының мұқабасында жарияланған суретте жұлдыз ашық джинсы жейде мен қою көк шалбар киген.

“Мұның дәл қазір орын алып жатқанына қуаныштымын. Танылу жақсы әрине. Алайда бұл менің ішкі эгома аздап әсер етері сөзсіз. Дегенмен мен мұны тек позитивті нәрсе үшін пайдалануға тырысамын", - деп мойындады жұлдыз.

Демпси 2005 жылы "Грейдің анатомиясы" телехикаясындағы доктор Дерек Шепард рөлі арқылы танымалдыққа иеленді. Одан бөлек актер People журналының мұқабасына бірнеше рет шыққан.