Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Солтүстік Қазақстанда жүк пойызы 16 қойды басып кетті

AstanaTV
08.11.2023ж. 18:05
465
Солтүстік Қазақстанда жүк пойызы 16 қойды басып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Белоградовка-Жаңаесіл өткелінде жүк пойызы 16 қойды басып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Белоградовка-Жаңаесіл өткелінде жүк пойызының машинисі жедел тоқтау үшін тежегішті басқан. Алайда теміржол үстінде жайылып жүрген қойлармен соқтығыспау мүмкін болмады. Салдарынан 16 қой сол жерде өлді. Ал пойызды 10 минут жолдан қалдыруға тура келді.

Тексеріс барысында түліктің иесі анықталды. СҚО-ның 58 жасағы тұрғыны теміржолда қой баққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тоқтауының 1624 фактісі тіркелді, оның 1077 жағдайында темір жол үстінде үй жануарлары жүрген.