Алматыда азық-түлік емес тауарлардың халықаралық көрмесі өтті. Жүзден астам шетелдік өндіруші компания мен дистрибьютор ыдыс-аяқ, тұрмыстық химия, косметика сынды заттарының жаңа түрлерін ұсынды. Көрмеде қатысушылар өзара іскерлік байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға және көрші елдердің нарықтарын зерттеуге мүмкіндік алды.
Жоғары сапалы ыдыстар, косметика, тұрмыстық техника, бақша және саяжай тауарлары. Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін бүгін халықаралық азық-түлік емес тауарлар көрмесінде сан түрлі жаңа жоғары сапалы өніммен танысуға мүмкіндік алды. Сенімді серіктестер, тұтынушыларды, жеткізушілерді және табуға арналған алаң әлемнің әртүрлі елдерінен “байерлер” мен өндірушілерді біріктірді.
Надежда РАДОМСКАЯ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Өнімдеріміздің таралуын, сатылуын едәуір арттыруға үміттенеміз. Жасаған тауарларымызды әртүрлі елдің адамдары барынша көріп, сапаның жоғары екендігіне көз жеткізсе екен дейміз. Болашақ тұтынушыларымыз өз көзімен көріп, қолымен ұстауға жақсы мүмкіндік туып тұр.
Тұрмыстық химия өнімдерін "Гринфилд Рус" компаниясы көпшілікке ұсынды. “Ерекше теңдестірілген формула мен жаңа технологияның көмегімен сапалы өнім жасап шығардық” - дейді өндірушілер. Тауарларды еліміздің нарғына еңгізіп, дамыту жоспарлануда.
Денис ЧУБЕНКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Біздің басты мақсат жаңа тұтынушыларды тауып, өзіміздің өнімді көрсету. Қазақстанның ішкі нарығын зерттеп көргіміз келеді. Осы негізгі 3 ұстанымды алға қойып келдік. Жоспарымыз Қазақстанда тауарларымызды дамыту.
Әлемнің он бес елінен жүзден астам өндіруші компаниялар өзара тәжірибе алмасып, тауарларын көрсете алды.
Елена МИЛЯЕВА, "MAYER" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОЛДИНГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Республика Казахстан безусловно экономический лидер в Центральной Азии.
Қазақстан Республикасы сөзссіз Орталық Азиядағы экономика саласының көшбасшысы. Өзінің ерекше географиялық орналасуына байланысты Қазақстан Халықаралық ынтымақтастық үшін жаһандық алаңдардың біріне айналуда. Көрмелер, конгрестер, конференциялар ұйымдастыруға өте қолайлы және дамыған мемлекет. Сондықтан "Mayer" компаниялар тобы Қазақстандағы жобаларға инвестиция салады.
Халықаралық көрме 3 күнге созылады. Осы уақыт ішінде ірі тауар өндірушілер серіктестер тауып, келісімшарттар жасай алады. Айта кетейік, кәсіпкерлер жыл сайын еліміздің түрлі алаңдарында кездесу ұйымдастырады.