Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Келісім комиссиясы «Эйр Астанаға» ішкі рейстер бағасын оңтайландыру туралы ұсыныс жасады

AstanaTV
29.11.2016ж. 20:00
3347
Келісім комиссиясы «Эйр Астанаға» ішкі рейстер бағасын оңтайландыру туралы ұсыныс жасады

«Эйр Астана» әуе компаниясы ішкі рейстер бағасын оңтайландыруы тиіс. Компаниядағы тексеру жұмыстарын қорытындылаған Келісім комиссиясы осындай ұсыныс айтты. Ал Монополияға қарсы комитетке "Эйр Астанаға" қатысты тергеп-тексеруді доғаруға кеңес берген.

Өйткені компанияның билет құнын 50 пайызға қымбаттатқаны олар ұсынған материалда дәлелденбеген. Дегенмен, Келісім компаниясының мүшелері "Эйр Астанаға" тұрақты қатынайтын ішкі рейстер нарығына талдау жасап, келер жылы билет құнын қайта қарау керек деп отыр. Монополияға қарсы комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада "аталған ұсыныстар тұтынушылар үшін баға саясаты ашық, ал тарифтер қалай қалыптасатыны түсінікті болатынын білдіреді" делінген. Сондай-ақ компания әуе билет бағасын белгілеу әдісін Комитетке ұсынуы керек.