Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
10.11.2023ж. 11:15
606
«АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынды.

«Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті 2023-2024 ж. күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық кәсіпорындардың жұмысқа дайындық паспорттарын беруді аяқтады. Тексеру қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2-ге дайындық паспортын беруден бас тартылды және компанияға 1 млн теңгеге айыппұл салынды», - деді ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды аумақтық департаментінен.

Жылу орталығында дайындық паспорты №4,5 екі қазандықта күрделі және орташа жөндеу кестесінің бұзылуы себебінен берілмеді. Сонымен қатар энергия орталығы материалдарды үнемдемек болған.

«№1 ст. қазандығында кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының сметасында тот баспайтын болаттан жасалған таза газдар қорабын орнату көзделген. Алайда, әАрселорМиттал Теміртауә АҚ ЖЭО-2-де «қара» металды пайдалану туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ сметада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2-де жаңа құйындылар мен бұрағыштарды (эмульгаторлардың негізгі элементі) орнату көзделгенімен, қолданыстағы қондырғыларды пайдалану туралы шешім қабылдаған. Олар 16 жылдан астам жұмыс істеп тұрған және айтарлықтай ақаулары бар бөлшектерді қолданған», - деп хабарлады ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды аумақтық департаменті.

Сонымен қатар смета бойынша №5 қазандықта 12 коллекторды толық ауыстыру қарастырылған. Алайда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ оларды ауыстырмай, тек тазалаумен және жөндеумен шектеле салған. Бұл жағдайда белсенді коллекторлардың 150-ден 200 мм-ге дейін айтарлықтай ауытқулары байқалған.

Сондай-ақ №3 ст. қазандығынан түтін құбырына дейін газ құбырын жылу оқшаулау бойынша, сондай-ақ қазандық цехының шатырын жөндеу бойынша жұмыс аяқталмаған.

Алдағы жылыту маусымында №3 турбогенератордың іске қосылмау қаупі жоғары. Себебі ол резервсіз қалып отыр. Бұған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тарапынан статор орамасын ауыстыру үшін жеткізушімен шарт жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылып кетуі себеп боған.

Осы кемшіліктердің барлығын ескере отырып, компанияға айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 301-бабының негізінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 1 млн теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлардың туындауына алғышарттарды болдырмау үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 жылыту маусымының өтуі аумақтық департаменттің ерекше бақылауына алынады», - деп толықтырды ведомстводан.