Павлодар қаласы әкімінің экс-орынбасары Арслан Қалиақпаров 3 жарым жылға сотталды. Ол кәсіпкерден қомақты көлемде пара алғаны үшін айыпталған болатын. Сот процесі кезінде прокурор 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Бірақ, сот оның отбасындағы жалғыз асыраушы екенін және кәмелет жасына толмаған 4 баласы барын ескеріп, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Шенеунік Кенжекөл ауылында жол салып жатқан кәсіпкерден атқарылған жұмыстарға кедергісіз қол қойып беруі үшін 1 млн. 800 мың теңге пара алған. Ол осы ақшаны алу кезінде ұсталған болатын. Бірақ, сотта ол кінәсін мойындамады.
Әнуарбек ОСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТ СУДЬЯСЫ:
Сот Қалиақпаров Арслан Сержанұлын кінәлі деп тауып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 336-бабы 2-бөлігі бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Өмір бойына мемлекеттік қызметте және банк саласында бұдан бөлек квазимемлекеттік секторларда жұмыс істеуге тыйым салынады.