Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда экс-полицейлер қаржы пирамидасын құрып, жұртты арбауына түсірген

10.11.2023ж. 20:00
666
Қызылжарда экс-полицейлер қаржы пирамидасын құрып, жұртты арбауына түсірген

Қызылжарда экс-полицейлер қаржы пирамидасын құрып, жұртты арбауына түсірген. Экономикалық тергеу департаменті Qnet компаниясының өкілдеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Сала мамандарының айтуынша, заңсыз кәсіпорын 2018-2021 жылдары жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында қаржы пирамидасының арбауына 70 адам түскен. Шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Бұл компанияға құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері жетекшілік еткен. Қазір экономикалық тергеу департаментінің өкілдері аталған топтан жапа шеккен тағы бірқатар азаматты іздестіріп жатыр.

 Жанна САРЫМСАҚОВА, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қаржы пирамидасын құрған бұрынғы полиция қызметкерлері халық арасында сыйлы болған. Олар жұрттың сенімін пайдаланып, Qnet-ке тартып отырған. Жапа шеккен азаматтардың арасында қарамағанда жұмыс істеген әріптестері, жолдастары, таныстары бар. Әрбіреуі бастапқы жарна ретінде 600-800 мың теңге салған. Алайда, ақшасын қайтара алмаған. Қаржылық пирамида өкілдері қамауға алынды. Тергеу аяқталғасын олардың істері сотқа жолданады.