Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жанартау атқылауы мүмкін

AstanaTV
11.11.2023ж. 15:52
891
Жанартау атқылауы мүмкін

Исландияда төтенше жағдай жарияланды: полицейлер тұрғындарды қатты жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстік-батысындағы жанартаудың атқылау ықтималдылығына байланысты теңіз жағалауындағы Гриндавик қаласынан кетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Исландия метеорологиялық басқармасының мәліметі бойынша, жұма күні түн ортасынан сенбіде сағат 14:00-ге дейін 800-ге жуық жер тербелісі тіркелді, жер сілкінісі ошағының ең таязы 3-3, 5 шақырым тереңдікте болды.

Бүкіл әлем бойынша жер сілкіністерін тіркейтін Volcanodiscovery сайтында соңғы бір сағат ішінде Исландия аумағында 40-қа жуық жер сілкінісі болғаны хабарланған.

"Жер сілкінісі бұрынғысынан да күш алуы мүмкін және оның қайта-қайта қайталануы жанартаудың атқылауына әкеліп соғуы мүмкін. Алайда магманың жер бетіне жақындауының белгілері әлі байқалған жоқ. Бұл жағы мұқият бақылауда", - деп хабарлады азаматтық қорғау агенттігі.