Ерке Есмаханның оқырмандарының бірі "YouTube-те сүйінші сұрап жатыр ғой. Ерке босанды деп. Аллам жеңілдігін берсін! Жеңіл толғақ берсін!" деп жазған. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты.
"Иә, соны көрген туыстарым хабарласты ғой, рас па деп. Ерінбейді екен сондай жасайтындар. Не деп жатыр, қыз ба, ұл ма?" - деп жауап берген әнші.
Сондай-ақ ол балаға әлі кіндік әке-шеше таңдамағанын айтты.
"Осыны кеше ғана ойлап едік. Білмей тұрмыз әлі", - дейді ол.