Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Зайнутдинов ауыр жарақат алды

AstanaTV
12.11.2023ж. 22:23
741
Зайнутдинов ауыр жарақат алды

Түркияның "Бешикташ" клубының футболшысы, қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов Түркия чемпионатының 12-туры аясында "Ыстамбұл Башахшехир" өткен ойында жарақат алды, - деп хабарлайды  Sports.kz. 

Ойынның 35-минутында Зайнутдинов қарсыласынан допты тартып алмақ болған еді. Ойыншылардың бірі оның бетінен шынтақпен ұрып жіберді. Қазақстандық ойыншының бетінен қан кетті. Ойын бірнеше минутқа тоқтатылды, оның барысында Қазақстан құрамасының ойыншысына медициналық көмек көрсетілді. Нәтижесінде Зайнутдинов 41-минутта ауыстырылды.