$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Қазақстандықтар киелі орындарды қорғау мәселесі бойынша AMANAT-қа жүгінуде

13.11.2023ж. 20:00
666
Қазақстандықтар киелі орындарды қорғау мәселесі бойынша AMANAT-қа жүгінуде

Қазақстандықтарды вандализм және тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштерді қасақана жойып жіберу мәселесі алаңдатып отыр. Жетісу өңірінің белсенділері вандалдар сақ қорғанына зиян келтіріп жатқан айтып "AMANAT" партиясына шағымданды. Партия хатшысы Руслан Әлішев мәселені тыңдап, оны шешеміз деді. Сұрақ партиялық бақылауда қаралады.

Руслан ӘЛІШЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Заң жобасында бәрі жазылған. Партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты ескерткіштерді вандалдар қалдырған жазулардан тазарту және қоқыс жинау акциясын өткізіп, осы мәселеге қоғам назарын аударды. Сіздің мәселеңізді Жетісу облысындағы партия алаңында талқылауды ұсынамын. Бұл мәселені уәкілетті мемлекеттік органдардың, гранит өндірген және археологиялық қазба жұмысын жүргізген жеке кәсіпорындардың өкілдерін шақыра отырып талқылау қажет.