Батыс Қазақстан облысында сібір жарасымен ауырған мал көмілген аумақ қоршалмаған. Бұл осы жерде тұратын халық үшін қауіпті, деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті. Қараусыз қалған қауіпті қорымдардың бірі тіпті тұрғын үйлердің бірінен 15 метр қашықта екен. Ал енді бір моланың маңында Деркөл ауылдық әкімдігі орналасқан. Бүгінде облыста осындай 222 қорым бар. Бірақ алты жылдан бері оларды қоршау үшін бюджеттен көк тиын бөлінбеген.
Берік ИРАЛИЕВ, БҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Тақтайшалар бұзылған, ұрланған фактілер бар. Санитарлық қорғау аймағы бар 1000 метр. Сол санитарлық қорғау аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізуге болмайды. 50, 60-жылдары сібір жарасының ошақтарының жағдайы тіркелген.