Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарашығанақ бойынша салық дауындағы негізгі фактор - газ құны

AstanaTV
30.11.2016ж. 20:00
5689
Қарашығанақ бойынша салық дауындағы негізгі фактор - газ құны

Қарашығанаққа қатысты салық дауында газ құны негізгі фактор болып отыр. "Астана" арнасына сұхбат берген сарапшылар пікірі осындай.

"Блумберг" агенттігіне берген сұхбатында президент Қарашығанақ жобасының қатысушысы, Shell компаниясымен біріккен British Gas жобаға құйған инвестициясын толық қайтарғанымен, салықты түгел төлемегенін айтқан еді. Компания бастапқыда құйған 20 миллиард долларды қайтарып алған. Бірақ "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" веб-сайтындағы есепте консорциум жобаға 21,4 миллиард доллар жұмсағанын жазады. Shell компаниясының Қазақстандағы өкілдігі салықтық дауға қатысты жауап қатпады. Ал мұнай-газ саласының сарапшылары, егер келісім болса, Қазақстанның талабы орынды деп отыр.

Ровшан Ибрагимов, Хангуг аймақтану университетінің профессоры (Оңтүстік Корея):

Өнімді бөлісу бойынша келісім дегеніміз - консорциумға кіретін компанияның жұмсалған қаржысын бірінші кезеңде қайтаруды білдіреді. Одан кейін түскен табысты бөлу басталады. Жобаны жүзеге асыру кезінде қосымша шығындар пайда болуы мүмкін, олар да ескерілу керек. Ал бұл табыс қалай бөліске түсетініне келсек, әдетте әрбір келісімге мемлекеттердің, кен орны иесі мен компанияның пайданы өзара бөлісу тәртібі енеді. Бұл жерде негізгі фактор - нарықтағы энергия тасымалы бағасы: баға жоғары болса, мемлекетке түсетін пайда да көп болады.

Дмитрий Лебедев, Renergyco сарапшысы:

Мұнай бағасы мен газдың жағдайы 1,5 жарым жыл бұрынғыдай емес, өзгерді. Бұл дау тағы бір проблемаға әкеп соқтыруы мүмкін. Әріптестер екінші кезеңін қаржыландырудан бас тартуы мүмкін, не жобадан шығуы мүмкін. Бұл ара-қатынасты одан әрі қиындатады. Дегенмен, екі тарап келісімге келеді деп ойлаймын.