Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Forbes» АҚШ-тың ең бай адамдарының тізімін жариялады

AstanaTV
30.11.2016ж. 20:00
2262
«Forbes» АҚШ-тың ең бай адамдарының тізімін жариялады

«Forbes» журналы 2016 жылғы АҚШ-тың ең бай-дәулетті адамдарының тізімін жариялады. Бұл жолы да "Microsoft" компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс көш бастады. Ол осымен 23 жыл қатарынан Американың ең дәулетті адамы саналып отыр. 60 жасар миллиардердің биылғы табысы $81 млрд доллардан асып жығылады.

Рейтингтің екінші сатысына Джефф Безос жайғасты. «Amazon» интернет-компаниясы қожайынының жылдық табысы 20 млрд долларға көтеріліп, $67 млрд-қа жеткен. Ал үшінші орында Уоррен Баффет. Ол Билл Гейтстен кейінгі АҚШ миллиардері еді. 15 жыл қатарынан Форбс рейтінгісінің екінші орнынан түспеген кәсіпкердің биылғы табысы $3,5 млрд-қа жетіп, жалпы алғанда, $65,5 млрд долларға жеткен.

Марк Цукерберг алғашқы бестіктің қатарына енді. Ол Гарвард университетін аяқтамай, 2004 жылы 19 жасында фейсбук әлеуметтік желісінің негізін қалады. Марк Цукербергтің биылғы табысы $55,5 млрд долларға жетіпті. Бестікті қортындылайтын Эллисон Ларри. «Oracle» интернет-компаниясы басшысының биылғы табысы $49,3 млрд долларға жеткен.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ