Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркістан облысының тұрғындары жеке серіктестіктің ауылдан алтын қазуына қарсы

Түркістан облысының тұрғындары жеке серіктестіктің ауылдан алтын қазуына қарсы

Түркістан облысының тұрғындары ауыл аумағынан алтын қазуға қарсы.

Түлкібас ауданы Абай елдімекенінің тұрғындары кен іздеушілердің жұмысына наразылық білдірді. Түгін тартса май шығатын шұрайлы өңірдің үлкен-кішісі неге үдере көтерілді? Айзада Төребекқызы айтады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Алтын қазу жұмыстары дәл осы аумақта жүргізілмек. Бұл - Абай ауылынан шамамен екі шақырымдай ғана қашық жер. Кен іздеушілер төменде ағып жатқан Кіші Көкбұлақ өзенін бойлай, тауға дейін қазып шықпақ екен. Алайда жергілікті халық мұның зардабы орасан деп отыр.

250-дей түтіні бар ауыл халқынан соңғы екі жылдан бері маза қашқан. Қоршаған орта бүлінетін болды деп шырылдап жүргендерін айтады.

Қарсақбай БЕЙСЕУОВ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылдан мейлі бір 10-15 км алыстау болса мейлі алтын қазатын ер. Тиіп тұр ғой тиіп тұр. 2 км жер жайылымдық жерде. Су болса азын аулақ, бір құлақ су ағады болды тоғайда. Малдың бәрі содан су ішеді. Енді адамдар да ішеді онша-мұнша, біз жақа су бармайды колонканың суы.

Әлішер САТЫМБЕКОВ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Олардың қазатыны ені жоқ дегенде 100 метрге дейін қазуы мүмкін. Ал 100 метр жер ертеңгі күні өзеніміз кішткентай-ақ өзен, ол өзен басқа жақа ауып кетуі мүмкін.

Ауыл тұрғындарының бір ауыздан қарсылық танытуы бекер емес секілді. Көрші ауылдан кен іздегендерді мысал ретінде келтірді. Шұрайлы жерлерді терең ор ғып қазып тастағандар орнын бекітпестен тастап кетеді дейді. Оған мал түскені бір сәрі, тіпті орнына қайта шөп шықпайды деп шырылдайды.

Тілеуқұл ҚАРЖАУБАЕВ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күнкөріп жатқанымыз сол өзеннің жағасына мал бағып отырмыз. Анау судың егесі бөлек, таудың егесі бөлек, қырдың бәрін сатып жіберген.

Ал алтын қазуға ниетті компания өкілі халықтың шу көтеруіне негіз жоқ деп санайды. Тиісті құжатымыз түгел дейді. Айтуынша, әзірге тек барлау жұмысын жүргізбек. Жалпы 10 гектар алқапты игермек.

Нәзипа МАМЫҚОВА, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ:

Қазылатын несі біз примерно 10 метрдей қазамыз тереңдікте, 10-17 метрдей қазылады. Аумағы 400-500 метр болады. Біз көреміз ол бар ма алтын, жоқ па, біз қазып-қазып көреміз. Орнын ретке келтіреміз.

Аудан атқамінерлері алтын іздеуші компаниядағылардың өздерімен арада ешқандай келісім болмағанын айтады. Тіпті көпшілік алдында құжатын көрсете алмады деді. Экологтар болса аталмыш компаниядан бұған дейін біршама шикілік шыққанын көлденең тартып отыр.

Қазыбай ШОРА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қайыршақтың бойынша заңсыз авариялық ситуациялар орын алған. Яғни бұл өзен бойына жиналған басқа да қазылған жерлерге сарқынды сулардың төгілген дерегі бойынша департамент өз құзыреті шегінде тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартты, «Аурус» ЖШС-ін. 350 мыңның көлемінде әкімшілік айыппұл салынған болатын.

Ауыл тұрғындары бұл сөздерге тоқтар емес. Кен іздеушілердің жұмысына түбегейлі қарсы.