Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қызылордада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бірақ облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тәулігіне 30-ға дейін науқас дейін түсуде. Ал 200-ге жуық адам ем алып жатыр.
Лабороториялық түрде дәлелденген 875 науқас. Оның 768-і 0-14 жас аралығындағы балалар. Осы баларымыздың ішіндегісі 500-дің үстіндегі егілмеген балалар. Балалар арасында ауыр жағдайдағы бала жоқ. жансақтау бөлімінде жатқан бала жоқ. медицина ұйымдары барлығы түгелдей қызылша ауруымен күресуге дайын.
Отит, пневмония, инсифорит деген ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Тіпті өліп жағдайына дейін жеткізуі мүмкін. Сондықтан бұл асқынуларды болдырмаудың бір тиімді жолы ретінде мамандар уақытылы вакцинациялауды ұсынып отыр.
Желтоқсан айынан бастап медицина қызметкерлері де вакцина алады. Себебі бұл індеттің нақты емі жоқ. Асқынса, инфекция адамның ішкі ағзаларын, миын зақымдауы мүмкін. Ал Алматығы ахуалды әріптесім Әйкерім айтады.
Алматыда да вирусты жұқтырғандар күн сайын көбеюде. Қазіргі таңда 2317 адам тіркелді. Ауруға төтеп беру үшін қосымша жаппай иммундау жүргізіліп жатыр. Келушілердің қарасы көп.
Қазіргі таңда осы қызылша ауруының күрт көбейіп кетуіне байланысты. Сол себепті біз қызылшаға қарсы жаппай иммундауды бастап отырмыз. Екпеге балалардан бөлек иммундық статусы жоқ медицина қызметкерлерін екпелеу ұйымдастырылып отар. Бұл жылдағы жоспарланған екпеден бөлек, қосымша екпе. Қызылшаға қарсы қосымша екпені 10-шы қарашадан бастадық. Келушілердің саны артып жатыр.
Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Ауырудың басым бөлігі 80% астам пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі. 10 қараша мен 13 қараша аралығында қалада 266 бала екпе алды, бұл жұмыстар жалғасып, күнделікті монтиронг жүргізілуде.
Қызылша жұқтырғандар арасында Шымкент қаласы көш бастап тұр, содан кейін Алматы қаласы мен Жамбыл және Алматы облыстары. Вакцина алмаған ересектер де көп. Дүниежүзілік тәжірбиеге қарасаң, кейбір елдерде вакцинадан бас тартқандарға айыппұл көзделген. Қазір жұқпалы дерттің алдын алу, асқынуды болдырмаудың жалғыз жолы-вакцина,-дейді мамандар.