$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында цемент зауыттарының бірінде жарылыс болып, бір адам қайтыс болды

Түркістан облысында цемент зауыттарының бірінде жарылыс болып, бір адам қайтыс болды

Түркістан облысында цемент зауыттарының бірінде жарылыс болып, бір адам мерт болды. Алдын ала болжам бойынша жарылыс, зауыттағы көмір ұнтақтайтын цехта газ жиналу себебінен болған. Төтенше жағдайдан үш адам қатты күйіп қалған. Оның бірі, 52 жастағы жұмысшы алған жарақатының ауырлығынан көз жұмды. 58 және 34 жастағы тағы екі адам ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір апат себебін арнайы құрылған комиссия анықтауға кірісіп кетті.

Ербол ОРМАНОВ, ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екінші адам да 100 пайыз күйген, үшінші адам 75 пайыз деп жатыр. Қазір барып келдік больницаға. Жағдайлары бір Алланың қолында. Жағдайлары ауыр. Екеуі де реанимацияда.

Серғали СӘРСЕНБАЕВ, ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Осы Састөбе ауылының белсенділері, зауыттың жастары, зауыттың жұмысшылары барлығы барып қан тапсырып жатыр. Қолдан келгенінше...Міндетті түрде барлық көмек көрсетілетін шығар деп ойлаймын. Басшылар кешегі күннен бері аяқтан тік тұрып, қайтыс болған кісінің похорондарын ұйымдастырып жатыр.