Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

14.11.2023ж. 20:00
563
Қазақстандық оқушылар  робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

Қазақстандық оқушылар Панамада өткен робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды. Сайыста 80-нен астам елден келген 6-11-ші сынып оқушылары бақ сынады. Дарынды оқушыларды анықтап, оларды қолдау мақсатында өткізілген додада ел намысын қорғаған 3 команда жүлдегер атанды. "Future Engineers" және "Robo Mission" кезеңдерінде оқушыларымыз 2-ші және 3-ші орындарды иеленді. Айта кетейік, бұл сайыс 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан 2014 жылдан бері тұрақты түрде қатысуда.