$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

AstanaTV
14.11.2023ж. 22:39
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Қазақстанның 16 жасқа дейінгілер арасында қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді, - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты еді.

Қазақстандықтар алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Бастапқы матчта Аргентина құрамасын 2:1 есебімен ұтқанымен, Бразилия мен Ұлыбританияға жол берді.

Қосымша жарыста Қазақстан құрамасы Алжирді айқын басымдылықпен тізе бүктірді – 3:0. Содан кейін Колумбия мен Латвияны 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Марат Шәріповтің шәкірттері әлемнің үздік 16 командасының арасынан 9-орынға табан тіреді.

Дүниежүзілік додада ел намысын Полина Слепцова, Анастасия Крымкова және Іңкәр Дүйсебай қорғады. Команда капитаны – Марат Шәріпов.