Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Тобыл өңірінде теңге күні тойланып, қаржыгерлер марапатталды

15.11.2023ж. 20:00
792
Тобыл өңірінде теңге күні тойланып, қаржыгерлер марапатталды

Теңге, теңге, теңге!

Қарашаның он бесі.

Қара ормандай халқымның қуанышы көл-көсір,

Берешегін ертеңнің беру үшін белдесіп,

Жолдама алды өмірге қазағымның теңгесі!

Иә, ақындар осылай жырға қосқан, Тәуелсіздік нышаны - төл теңгенің айналымға енгеніне биыл 30 жыл. Алғашқы партиясы Ұлыбританияда басылып шыққан ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі қалай болды? Үш рет реформаға ұшыраған ақшаның қазіргі ахуалы қандай? Төл теңге туралы тілшіміз Заңғар Санай өрбітеді.

Ұлттық валюта қолданысқа енгізілген кезде Қостанай облысында бес мыңнан астам комиссия мен төрт мыңға жуық айырбастау пункті жұмыс істеген.Сол тұста бұл жұмысқа Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банк қызметкерлері ғана емес, қала мен шалғайдағы бөлімшедегі бухгалтерлер мен кассирлер түгел тартылған. Бір күннің ішінде қаншама рубль жиналып, ауыстырылды, – деп өткенді еске алды сала ардагері Мираш Жұмашұлы.Теңге онан бері де үш рет реформаға ұшырады. Білікті қаржыгер енді ұлттық валютаның тұрақтылығын нығайтуға күш жұмсау керек дейді.

Мираш ЖҰМАШЕВ, БАНК САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ:

Өте жақсы конвертация көрші мемлекеттерде жақсы жүріп жатыр.Қырғызстан, Өзбекстан болсын жан-жақтағы мемлекеттерде белгілі валюталардың бірі. Индияда,Ресейде пайдаланады. Әлемдік стандартпен жұмыс істеп жатырмыз түгел. Тұрақтылығын нығайтсақ бізге, соның тұрақтылығын нығайтуға жұмыс істеуіміз керек.

Теңгенің 30 жылдығына орай банк, қаржы саласында қажырлы еңбек еткен қызметкерлер «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ 7 ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Теңгенің біз үшін бағасы өте қымбат. Еліміз үшін, халқымыз үшін.Өйткені біз егемен болғаннан кейін, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін халықаралық деңгейде осы теңгемізді, ұлттық валютамызды қолдана отырып сондай бір барлық жағынан, экономика, сауда-саттық жағынан болсын қарым –қатынас жасауға бізге көмектесті.

Алғашқы банкноталар Англия жерінде басылып шыққан. Сол ақшаны мына жәшіктермен тасыған. Қағаз ақша айналымда 4-5 жыл ғана жүретін болса, тиындар 30 жылға дейін жарайды. Қазақстан монета сарайында коллекциялық, инвестициялық түрлерін де шығарады. Олар түрлі металлдан, сериямен шығып тұрады. Күмістен, алтыннан, тантал деген космоста пайдаланатын, тек біздің елімізде ғана кездесетін металлдан да жасалады. 30 жыл ішінде теңгенің 4 сериясы айналымға енген. Сапасы жақсарып, дизайн үлгісі де өзгерді. Қазақстан теңгесі әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың бірі дейді, мамандар.

Нұрлан ЖАУЛЫБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

18 қорғау элементі бар. Ол жаңағы магнитті белгілер,жарыққа қарағанда шығатын белгілер.Сутамды белгілер дейді. Әртүрлі белгілер бар.Қазіргі таңда қорғаныш элементтері жақсы. Қолдан жасау әрекеттері әрине бар.Бірақ олар басқа валютамен салыстырғанда статистикаға қарасақ өте төмен.

Қазақстан монета сарайы мен Ұлттық банк соңғы 20 жылда халықаралық байқауларға қатысып, түрлі аталым бойынша марапатқа кенеліп келеді. Теңге - қорғаныш элементтері мен қайталанбас дизайні жағыннан жаһанда үздік деп танылған. Ұлттық валютаның бағамы әлемдік қаржы нарығында құбылып тұрса да, Қазақстан үшін құны қымбат.