Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада ұсталған шенеунікке пара ретінде қала шетінен үй сыйлаған

AstanaTV
15.11.2023ж. 19:20
563
Астанада ұсталған шенеунікке пара ретінде қала шетінен үй сыйлаған

Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazinform.

«Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Шенеунік жеке компания басшысынан қала сыртындағы жеке үй түрінде ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арман Тілеукенов.

Бұл пара Астана қаласының кәріз тазарту құрылыстарын салу жұмысын атқарушыны айқындау кезінде жеке ұйымның мүддесін қолдауға бағытталғаны анықталды.

«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деп хабарлады Антикор.