Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Талдықорғандағы резонанс тудырған оқиға: Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатылды

AstanaTV
15.11.2023ж. 19:28
661
Талдықорғандағы резонанс тудырған оқиға: Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Жетісу облысы полиция департаментінің бастығын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғанда болған кейінгі резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды.

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

"Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ", - деді министр Ержан Саденов.

Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты.

Осылайша, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық еместігі туралы ескертілді.

Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабеков пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.

Жетісу облысы полиция департаменті бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқарады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.