Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Жан жарыма рахмет": орден дауынан кейін шетелге кеткен Әли Оқапов жұбайына алғыс айтты

AstanaTV
15.11.2023ж. 22:10
4482
"Жан жарыма рахмет": орден дауынан кейін шетелге кеткен Әли Оқапов жұбайына алғыс айтты

Қазан айында әнші Әли Оқапов "Құрмет" орденін алып, қоғам талқысынан кейін атағынан бас тартқан болатын. Желідегі даудан кейін әнші мен отбасы шетелге демалысқа аттанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Демалыс аяқталуға жақын. Мен толықтай сауығып, тіпті бірнеше келі салмақ жинадым. Отбасыммен бір аптаны бірге өткіздік. Осы уақытта Assyl тобының трегін дайындадым. Ayree-дің жаңа бейнебаянына қатысты жұмысты аяқтадым. Көлігімді қысқа дайындадым. Роза Рымбаеваның жаңа альбомына арналған жазбаны аяқтауға шақ қалдым. Қазақстан бойынша анамның 7 жеке кешін жоспарлап, шағын түсірілімдерді ойластырдым. Ең бастысы, демалдым. Сонымен қатар осы сапарымызда Зейіннің үшінші тісі жарып шықты. Ол мінезін көрсетуді үйрене бастады. Жан жарым мен анашыма рахмет! Қиын сәтте бар жұмысты тастап, мені демалысқа әкеттіңіздер. Психикалық және физикалық тұрғыда емдеп алдыңыздар. Енді үйге оралатын уақыт келді", - деп жазды Оқапов Instagram парақшасында.