Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда «Арманда» халықаралық білім беру-бизнес форумы өтті

16.11.2023ж. 20:00
557
Атырауда «Арманда» халықаралық білім беру-бизнес форумы өтті

Атырауда «Арманда» халықаралық білім беру-бизнес форумы өтті. Шарада қоғам үшін ең өзекті тақырыптар мен білім беру, отбасылық құндылықтарды сақтау сынды мәселелер талқыланды.

«АРМАНДА»Форум аясында спикерлері әр өңірдегі қарттар және балалар үйлерін аралап, студент жастарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көңіл бөліп, қолдау көрсету үшін олармен кездеседі.

Ислам БАЙРАМУКОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ:

Өзіміздің өмірдегі тәжірибемізбен бөлісу, жолымызбен таныстырып кету , бәрімізге ортақ бір-біріне саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім, отбасыдағы татулық одан кейін салауатты өмір салтын насихаттау сол тақырыпта.
Кезек-кезек сөз алған спикерлер өз тәжірибесін бөлісіп, сөз өнері, отбасы, қарым-қатынас, шетелде тұратын қазақтардың жауапкершілігі сынды түрлі тақырыпта ой қозғады.

Арман ДАВЛЕТЯРОВ, МЕДИА-МЕНЕДЖЕР:
Егер адам жақсы елде өмір сүргісі келсе , қоғам үшін пайдалы іс жасауы қажет. Қазір бәрі блогер болып, тез ақша тапқысы келеді. Көпшілік үкімет бәрін жасап беруге міндетті деп ойлайды . Бұл қате түсінік. Жақсы өмір сүргің келсе, көп еңбектену қажет.
Жиынға қатысқандарды «Арманда» форумының тек арман-қиял туралы емес, білім, мақсат, әрекет, қозғалыс, қуат, еңбек және нақты нәтиже туралы іс-шара екені қызықтырды.

Еркебұлан ҚАЙРАТҰЛЫ, СТУДЕНТ:
Форумда спикерлер өз ойын ашық жеткізуді, басқа да жақсы жақсы кеңестер беруде. Өсіп келе жатқан ұрпаққа көмегін тигізуде. Осындай форум жастар үшін өте пайдалы. Осындай форумның көбірек болғанын қалаймын .
«Арманда» форумы шілде айында Астанада басталды. Атырау – ауқымды жиын өткен алтыншы қала. Жалпы бұл форум еліміздің 19 қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.