Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салу керек

16.11.2023ж. 20:00
526
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салу керек

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге тыйым салып, қару алу құқығынан айыру керек. Сенат депутаты Жанна Асанова Премьер-Министрге сауал жолдап, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шараларын ұсынды. Айтуынша, уәкілетті тұлғалардың немқұрайлылығы мен сыбайлас жемқорлық мәселені толық шешуге мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан Ішкі істер министрлігінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі жеке қызметті облыстық басқармаларға дейін кеңейту қажет дейді.

Жанна АСАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Өкінішке орай, тұрмыстық зорлық-зомбылық болсын, кемсітушілік немесе физикалық, эмоционалдық зорлық-зомбылықтың басқа да көріністері болсын, қазір тек әлеуметтік желілер ғана жәбірленушілерді қолдаудың және қылмыскерлердің әділ жазасын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарына ықпал етудің тиімді алаңына айналды. Заңдарды қатайтумен қатар, қоғамдық санада әйел мен ананың тең мәртебесін қалыптастыру қажет. Әйел мен балаға жекеменшік заттай емес, адам ретінде қарау керек.