Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Қазақстан халық санының өсуі жағынан ең оптимистік болжамның өзінен асып түсті",- Е. Қарин

16.11.2023ж. 20:00
598
"Қазақстан халық санының өсуі жағынан ең оптимистік болжамның өзінен асып түсті",- Е. Қарин

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында елдегі халық санының өсуі ең оптимистік болжамның өзінен асып түсті деп жазды. Біріккен ұлттар ұйымының 2019-шы жылғы құжатында еліміздің халық саны 2030 жылы 20 миллион 600 мыңнан асады деп болжанған . Тіпті, соңғы жорамалдардың өзінде тұрғындар санының өсіміне қатысты болжам басқа болған.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

2022 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы ең жақсы нәтиже көрсеткеннің өзінде Қазақстан халқының саны 2024 жылы 20 миллион 312 мың адамға немесе нашар көрсеткіш болса, 2025 жылы 20 миллион 83 мың адамға жетеді деп болжаған. Дегенмен туу деңгейі өсіп, өмір сүру ұзақтығы артып, өлім саны азайғанның арқасында Қазақстан халық санының өсуі жағынан ең оптимистік болжамның өзінен асып түсті.