$540.87 €632.01 ₽6.76
×

Қытайда өрттен 26 адам көз жұмды

AstanaTV
16.11.2023ж. 17:53
Қытайда өрттен 26 адам көз жұмды

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында өрттен 26 адам мерт болды. Астана телеарнасы бұл туралы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт бүгін таңертең Шаньси провинциясының Люйлян қаласындағы көмір өндіру мекемесінің кеңсе ғимаратында тұтанған.

Қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр.

Xinhua ақпараты бойынша, 70 адам эвакуацияланды, оның 63-і ауруханаға жеткізілді.

Өртке не себеп болғаны анықталып жатыр.