Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова Кипр аралына демалысқа ұшып кетті

AstanaTV
17.11.2023ж. 13:11
1576
Ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова Кипр аралына демалысқа ұшып кетті

Жақында ғана кенже ұлын үйлендіріп, дүркірете той жасаған Гүлзира Айдарбекова енді өзіне демалыс жариялады. Белгілі продюсер құрбыларымен бірге Кипр аралына ұшып кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекованың шетелге ұшып кеткені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Қайрат Нұртастың анасы өз парақшасында демалысқа кетіп бара жатқан сәтінен видео жариялады.

Шетел көп аралайтын продюсердің таңдауы бұл жолы Кипр аралына түскен. Ол кезекті демалысына құрбысымен бірге барған.

Сондай-ақ Кипр аралында Айдарбекова қызық жағдайға тап болған. Әуежайдағы құжаттарды тексеру кезінде жергілікті қызметкерлер Қайрат Нұртастың анасын танып қойған.

Продюсер қызықты жайттың видеосын да оқырмандарымен бөлісті.