Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Мұғалім өз жалақысынан үздік оқушыларға шәкіртақы беріп жүр

AstanaTV
17.11.2023ж. 13:50
1152
Мұғалім өз жалақысынан үздік оқушыларға шәкіртақы беріп жүр

Өзбекстанда орыс тілінің мұғалімі өзінің жалақысынан үздік оқушыларға шәкіртақы беріп жүр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша төрт оқушыға шәкіртақы тағайындалған, - деп хабарлайды  Podrobno.uz сайты. 

Ёркиной Маматисакованың сөзінше, ол осылайша оқушыларын ынталандырмақ. 

"10 "Б" сыныбында шәкіртақы тағайындағаннан кейін маған оқушылардың ата-анасы хабарласып, алғыс айтты. Олар баласы ақша салынған конвертті үйге әкеліп, ата-анасына бергенін айтқан. Жалақыдан гөрі балалардың қуанғанын көру шаттық сыйлайды", - дейді мұғалім. 

30 жылда Ёркиной Маматисакова көптеген жаңашылдық енгізіп, оқушыларын ынталандырып жүрген.