Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сарапшылар Қазақстан Сан-Мариноны жеңеді деп болжады

AstanaTV
17.11.2023ж. 20:00
657
Сарапшылар Қазақстан Сан-Мариноны жеңеді деп болжады

Сарапшылар Еуро-2024 іріктеу матчының алдында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы соңғы болжамдарды жариялады. Ойын бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21/00-де Астана Арена стадионында басталады.

Sportskeeda.com сайты, басқа да сарапшылар сияқты, біздің жеңісімізді болжайды:

«Қазақстан соңғы үш ойынның екеуінде және соңғы жетеуінің бесеуінде жеңіске жетті. Олар өз жеріндегі соңғы сегіз ресми ойынның екеуінде ғана жеңіліп қалды және осы демалыс күндері өз алаңдарындағы артықшылықтарын қайтадан пайдалануға тырысады.

Осы уақытта Сан-Марино тоғыз рет жеңіліске ұшырады және осы аралықта бір ғана гол соқты. Екі команда арасындағы біліктілік пен сапалы ойынның үлкен айырмашылығы - алаң иелерінің бұл матчта оңай жеңіске жетуіне мүмкіндік береді. Болжам: Қазақстан-Сан-Марино 3-0»

Бірнеше сағаттан кейін біз бұл болжамның қаншалықты дәл болғанын білеміз.

САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН САН-МАРИНОНЫ ЖЕҢЕДІ ДЕП БОЛЖАП ОТЫР

Sportskeeda.com сайтының сарапшысы:

«Қазақстан соңғы үш ойынның екеуінде және соңғы жетеуінің бесеуінде жеңіске жетті. Олар өз жеріндегі соңғы сегіз ресми ойынның екеуінде ғана жеңіліп қалды және осы демалыс күндері өз алаңдарындағы артықшылықтарын қайтадан пайдалануға тырысады.

Осы уақытта Сан-Марино тоғыз рет жеңіліске ұшырады және осы аралықта бір ғана гол соқты. Екі команда арасындағы біліктілік пен сапалы ойынның үлкен айырмашылығы - алаң иелерінің бұл матчта оңай жеңіске жетуіне мүмкіндік береді. Болжам: Қазақстан-Сан-Марино 3-0»

«Барыс» Челябинсктің«Тракторымен» бірге ойнап, жеңіліске ұшырады. Есеп -2:0.

Бірінші кезеңде екі тараптан да белсенділік байқалмады, ал екіншісінде қонақтардың ойыншысы Энтони Камара бес минутқа алаңнан қуылды, осы уақыт ішінде алаң иелері есепшот ашты. Соңғы жиырма минуттың басында «Трактор» алшақтықты арттырды, содан кейін бәрін жеңіске жеткізді.

18 қарашада «Барыс» Магнитогорск қаласында «Металлургпен» кездеседі.

Айта кетейік, Металлург осы маусымда қатарынан алтыншы матчта жеңіске жетті.

ҚХЛ: «ТРАКТОР» – «БАРЫС» 2:0

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Мальта командасын жеңді.

Кездесу Бельгияда өтті және қонақтардың 0:2 есебімен минималды жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасының құрамында Айбар Абдулла мен Дамир Қасабулат гол соқты. Қазақстан құрамасы үшін бұл Еуро-2025 іріктеуіндегі алғашқы жеңіс.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы қатарынан 14 ресми матчта жеңіске жете алмай келеді. Екі тең ойын және 11 жеңіліс. Соңғы рет ұлттық құрама 2020 жылдың 8 қыркүйегінде Израильді жеңген болатын.

Келесі ойынды Нұрдәулетовтің шәкірттері 21 наурызда Шотландиядан келген құрдастарына қарсы матч өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мальта мен қазақстандықтар - Испания, Бельгия, Шотландия және Венгрия құрамаларымен бірге «В» тобында өнер көрсетеді.

Жасөспірімдер құрамасы үш жылда алғаш рет ресми матчта жеңіске жетті

«Қайрат» футбол клубы 30 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен келісімшартқа отырғанын жариялады.

«Қайраттың» су жаңа ойыншысымен келісімі 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Эдер Сантана – «Атлетико Минейроның» тәрбиеленушісі. Сондай-ақ, «Тупи», «Брагантино», «Атлетико Гойаниен», «Ботафого» сынды клубтарында да өнер көрсетті.

2019 жылдың жазында форвард Португалияға қоныс аударды, онда ол «Санжуаненсе» және «Жил Висенте» командаларының жидесін киді.

Элдердің соңғы клубы «Ақтөбе» болды. Өткен маусымда ол ақтөбеліктер үшін барлық турнирлерде 32 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

«ҚАЙРАТ» ЭЛДЕР САНТАНАМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСТЫ

Португалдық шабуылшы Кришиану Роналду ұлттық құраманың деңгейінде ерекше жетістікке қол жеткізді.

Еуро-2024-ке іріктеу турнирінің топтық кезеңінің тоғызыншы турында, Роналду Португалия құрамасы үшін Лихтенштейн қақпасына гол соқты. Осылайша, 38 жасында ұлттық құрамаға он гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды.

Португалия 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысуды қамтамасыз етіп қойған болатын. Команда 27 ұпай жинады және топта бірінші орында. Келесі турда Португалия ұлттық құрамасы Исландия құрамасымен кездеседі. Матч 19 қарашада Лиссабонда «Хосе Альвалада» стадионында өтеді. Португалия- Лихтенштейн 2:0

Украина өкілі Александр Усик пен Британдық Тайсон Фьюри арасындағы ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 2024 жылдың 17 ақпанында өтеді, деп хабарлайды Queensberry Promotions баспасөз қызметі.

Жекпе-жек Сауд Арабиясыны4 Эр-Рияд қаласында өтеді.

УСИК -WBA, IBF ЖӘНЕ WBO БЕЛБЕУЛЕРІНІҢ ИЕГЕРІ БОЛСА,ФЬЮРИ – WBC ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ.

Естеріңізге сала кетейік, боксшылар бастапқыда 2023 жылдың желтоқсанында кездеседі деп күтілген болатын, бірақ британдық боксшы франко-камерундық аралас жекпе-жек шебері Фрэнсис Нганнумен өткізген кездесуінен кейін біраз демалуды шешкен болатын. Жекпе-жекте Фьюри Нганнаны төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Усик VS Фьюри

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікіболуымүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.