Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бір уақытта 2 миллионға жуық оқушы асық ойнады

17.11.2023ж. 20:00
857
Бір уақытта 2 миллионға жуық оқушы асық ойнады

Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында ұлттық ойын-асық ойнаудан челлендж ұйымдастырылды. Игі бастамаға Тобыл өңірінен 450 бала қатысты.

Оқушылар «бес табан» және «бес асық» ойнады. Облыстық турнир деңгейінде ұйымдастырылған спорттық шараға қала оқушыларымен қатар ауданнан келген асықшылар қатысты. Қанат Ықыласбеков бес жасынан бастап асық ойнайтынын айтады. Еншісінде екі жүзге тарта асық бар.

Қанат ЫҚЫЛАСБЕКОВ, ОҚУШЫ:
Асықтың адамға деген пайдасы өзіңнің уақытыңды бөліп, сол асықты ойнап өзіңе рахат алу. Қазақстан чемпионатына барып келдік.Алтыншы орын алдық.Ал облыс чемпионымын.
Асық ойыны – жеткіншектің дүниетанымын кеңейтіп, көру қабілетін жақсартып, шапшаң қимылдауға жетелейді. Шынықтырады дейді, педагог мамандар.Облыс мектептерінің барлығында болмаса да, көбінде асық үйірмесі бар.Сондықтан өңір өрендері бүгінгі челленджден тыс қалған жоқ. Белгіленген күні, белгілі уақытта 450-ге жуық оқушы асық ойныны қатысты дейді, білім басқармасының өкілдері.

Қаламқас ҚАРАТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Бірінші тоқсан ақындар айтысына арналса, екінші тоқсан «Алтын-сақа» деп аталады яғни асық ойынын дамыту мақсатында.
Негізгі мақсатымыз осы балалар арасында ұлттық құндылықтарды, ұлттық ойындарды дамыту.Және де осы балаларды спорттың осындай түріне баулу болып табылады.