Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Салық тәртібін бұзбаған 20 кәсіпкер марапатталды

17.11.2023ж. 20:00
574
Салық тәртібін бұзбаған 20 кәсіпкер марапатталды

Елордада үздік салық төлеушілер марапатталды. Қаржы министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шарада салық тәртібін бұзбаған, қоғамға пайдасы сіңген кәсіпкерлер 20 номинация бойынша жеңімпаз атанды. Оза шапқандар еліміздегі 2 миллион 300 мың бизнес өкілдері арасынан таңдалып алынған. Шара алғаш рет 2016 жылы өткізілген. Былтыр қайта жалғасын тапты. Ұйымдастырушылар осындай акцияларды жиі өткізу арқылы кәсіпкерлерді өз еркімен және уақытылы салықты төлеуге ынталандырамыз дейді.

Жандос ДҮЙСЕНБИЕВ, ҚР ҚМ КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл шараның ең маңызды себебі, біздің мемлекеттік ашық қызметі ретінде және кәсіпкерлерді ашық диалогқа шақыру. Бұдан басқа әлеуметтік қызметкерлер өрт сөндірушілер, мектеп жұмысшылары келіп, өздерінің үздік салық төлеушілерге рақметін айтып, көрсету.
Шарада ірі және орта бизнес өкілдері жеңімпаз атанды. "ТенгизШеврОйл" мұнай өндіру компаниясы екінші жыл қатарынан "Үздік салық төлеуші" номинациясын иеленді. Өндіріс ошағы 9 айдың ішінде ел экономикасына 10 миллиард АҚШ долларын құйған.

Дәрмен АРОНОВ, "ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ" ЖШС ҮКІМЕТПЕН ЖӘНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:
Айтып кетсек, салық төлемі, қазақстандық қызметкерлердің жалақысы, біздің компанияның акционерлік девидиенттері және басқа да органдар мен компанияларға жасап жатқан төлеміміз. Осы сыйлықты алғанымызға, танылғанымызға өте ризамыз. Жалпы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына үлес қосып жатқанымызға ризамыз.