Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Газа секторындағы қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді

AstanaTV
17.11.2023ж. 17:40
605
Газа секторындағы қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы — Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді.

Әуежайдағы бүкіл міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатыр.

Сәтті іске асырылған эвакуация — Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы Елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР СІМ азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.