Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

2000 ауыл мектебіне Илон Масктың интернеті қашан жетеді?

AstanaTV
17.11.2023ж. 21:30
769
2000 ауыл мектебіне Илон Масктың интернеті қашан жетеді?

ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің басқарма басшысы Олжас Қабенов 2 мың ауыл мектебі Starlink жоғары жылдамдықты интернетіне қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінгі таңда 10 мектеп тестілік режимде қол қойылды. 2 мың мектеп бұл пилоттық жоба аяқталған соң және бұл ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келгенде қосылады», - деді спикер «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы тақырыбында өткен брифингте.

Пилоттық жоба жылдың аяғына дейін жалғасады. SpaceX компаниясының Starlink технологиясы бойынша интернетке қосылған 10 мектеп үш облыста орналасқан. Атап айтқанда, 8 мектеп Алматы облысында, бір мектептен Қарағанды және Ақмола облыстарында, деп жалғастырды Қабенов.

БАҚ өкілдері аталған мектептер кең жолақты интернетке қанша төлеп отырғанын сұрады.

«SpaceX компаниясымен арадағы пилоттық келісімге сәйкес, бұл тегін», - деп жауап берді ол.